О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1969 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов на инвалидов для обеспечения сурдо-тифлотехническими средствами и обязательными гигиеническими средствами" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1969 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов на инвалидов для обеспечения сурдо-тифлотехническими средствами и обязательными гигиеническими средствами" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1969 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1529
- Қабылданған күні
- 08.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2012 41841_203925.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SA000132
- ЭКБ идентификаторы
- 41841
- Редакция идентификаторы
- 41841_203925
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:53
0 Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен
қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет
көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1969 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1969 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-92, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5-6 сандарында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"Мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар беру туралы шешімді барлық қажетті құжаттар болған жағдайда, құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылдайды."
12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш бланкісі;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылары - паспорты немесе жеке куәлігі, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері - паспорт немесе жеке куәлігі, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
4) жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар - паспорт немесе жеке куәлігі, жеңілдікке құқығы бар болуы туралы белгісімен зейнетақы куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
5) мүгедек балалар - паспорты немесе жеке куәлігі, кәмелетке толмағандар - тууы туралы куәлік, немесе ата-аналары бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) жеке куәлігі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер - паспорты немесе жеке куәлігі, зейнеткерлік куәлік, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы;
7) міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер - мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазып алған көшірме; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; мүгедек балалар - жеке басын куәландыратын құжат, кәмелет жасқа толмағандар - баланың тууы туралы куәлігі және ата-аналары бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) жеке басын куәландыратын құжаты; мүгедектігі туралы анықтама.
Құжаттар көшірмесі тексеру үшін түпнұсқасымен бірге ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, № 10, № 11, № 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.";
16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Мүгедектің өзі жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалдық растауды қажет етпейтін сенімхат негізінде өтінішпен жүгінуге басқа тұлғаны уәкілетті ете алады."