О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1979 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1979 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1979 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1518
- Қабылданған күні
- 08.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2012 41803_203909.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SA000126
- ЭКБ идентификаторы
- 41803
- Редакция идентификаторы
- 41803_203909
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:53
0
Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1979 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тістерін протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1979 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-107, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5-6 сандары, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7 тармақтағы "отыз күнтізбелік" сөзі "он" сөзімен ауыстырылсын;
12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) тістерін протездеу бағасы туралы ұйымнан шот - фактура.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.- ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, № 10, № 11, № 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.