О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1982 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение жилищной помощи" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 11 декабря 2007 года № 1982 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение жилищной помощи" государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1982 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1515
- Қабылданған күні
- 08.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2012 41804_203911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SA000127
- ЭКБ идентификаторы
- 41804
- Редакция идентификаторы
- 41804_203911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:53
0 Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы
11 желтоқсандағы № 1982 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1982 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-93, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5-6 сандарында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
12 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"Кондоминиумның ортақ мүлігі күрделі жөндеуіне жұмсалған шығынға өтемақы алу құқығы бар отбасылар (тұлғалар), жоғарыда айтылған құжаттардан басқа, қоса тапсырады:
1) кондоминиумның ортақ мүлік нысанына күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жасау туралы тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі қорытындысының көшірмесі;
2) кондоминиумның ортақ мүлік нысанына күрделі жөндеу жасауға тұрғын үй меншік иелері, тұрғын үй меншік иелері кооперативі және жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар арасында жасалған келісім көшірмесі;
3) кондоминиумның ортақ мүлігі күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстарды тапсыру - қабылдап алу актісінің көшірмесі;
4) кондоминиумның ортақ мүлік нысанына күрделі жөндеу жүргізгені үшін өтініш берушінің нақты шығындары туралы кондоминиум басқарушысының анықтамасы.