О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года № 483 "О некоторых вопросах республиканской государственной собственности"
Күшін жойған
Қаулы
·№ 950
·
27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года № 483 "О некоторых вопросах республиканской государственной собственности"
- Атауы (қаз.)
- "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 950
- Қабылданған күні
- 24.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI60188_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000950
- ЭКБ идентификаторы
- 60188
- Редакция идентификаторы
- AI60188_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:44
0 "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген бөлімдегі реттік нөмірі 57-жол алынып тасталсын;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және аппарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті
42 42. «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100%».
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов