О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года № 483 "О некоторых вопросах республиканской государственной собственности"
Күшін жойған
Қаулы
·№ 1119
·
27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года № 483 "О некоторых вопросах республиканской государственной собственности"
- Атауы (қаз.)
- "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1119
- Қабылданған күні
- 30.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI60656_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001119
- ЭКБ идентификаторы
- 60656
- Редакция идентификаторы
- AI60656_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:32
0 "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2-1 және 2-2-жолдармен толықтырылсын:
2-1 «2-1. «Арқа санаторийі» акционерлік қоғамы 100%
2-2 2-2. «Арман санаторийі» акционерлік қоғамы 100%»;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов