О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Казалинского района от 11 марта 2008 года N 116 "Об организации для безработных района оплачиваемых общественных работ, социальных рабочих мест и профессиональной подготовки переквалификации, повышения квалификации и переподготовки"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Казалинского района от 11 марта 2008 года N 116 "Об организации для безработных района оплачиваемых общественных работ, социальных рабочих мест и профессиональной подготовки переквалификации, повышения квалификации и переподготовки"
- Атауы (қаз.)
- "Ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 23.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2013 60505_207091.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LD000157
- ЭКБ идентификаторы
- 60505
- Редакция идентификаторы
- 60505_207091
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:45
0 "Ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлауды ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 116 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-80 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 36-37 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ауданда жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі мен қоғамдық жұмыстардың түрлеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
реттік нөмірі 22 жол мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
22
"Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Учаскелік комиссияға атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеру үшін көмек көрсету және құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-2, 33-3, 33-4 жолдармен толықтырылсын:
33-2
Балаларды сауықтыру - демалыс орталығы "Шағала" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына көмектесу;
33-3
"Қызылорда облысы сот актілерін орындау Департаментінің Қазалы аумақтық бөлімі" филиалы
Санитарлық тазарту жұмыстарына және құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
33-4
"Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Қазалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Санитарлық тазарту жұмыстарына, құжаттарды ресімдеуге көмектесу және қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45, 46 жолдармен толықтырылсын:
45
"Қазалы - Көркейту" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына көмектесу;
46
Дара кәсіпкер Өтегенова Шынар Қаржаубайқызы
Кәсіпкерлік пен сауда қызметтеріне, санитарлық тазарту жұмыстарына көмектесу.