О внесении изменений в решение акима Каратогайского сельского округа от 11 декабря 2008 года № 1 «О присвоении названий улицам населенного пункта Каратогайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Каратогайского сельского округа от 11 декабря 2008 года № 1 «О присвоении названий улицам населенного пункта Каратогайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 «Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 15.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2017 112350_187276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CHC05501
- ЭКБ идентификаторы
- 112350
- Редакция идентификаторы
- 112350_187276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:06
0 Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 «Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қаратоғай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қаратоғай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 «Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-64 тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтардағы «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбында «Қаратоғай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» сөздері «Қаратоғай ауылының көшелеріне атау беру туралы» сөзімен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі шешімінің деректемелерінде «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімінің мәтініндегі «названия» сөзі «наименования» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігінде «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөзімен ауыстырылсын.