О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 11 марта 2008 года № 171 "Об установлении ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Мангистауской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 11 марта 2008 года № 171 "Об установлении ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Мангистауской области"
- Атауы (қаз.)
- "Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2787
- Қабылданған күні
- 13.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2012 48789_166734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09M0002059
- ЭКБ идентификаторы
- 48789
- Редакция идентификаторы
- 48789_166734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:17
0 "Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Дене шынықтыру және спорт туралы»1999 жылғы 2 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Маңғыстау облысының жетекші спортшыларын ай сайын ақшалай қамтуды белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 171 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2008 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2008 жылғы 8 сәуірде № 55 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3 – тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының сапына кіретін, халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорт жетістіктеріне қол жеткізген облыстың 10 спортшысына ай сайын ақшалай қамту (бұдан әрі – ақшалай қамту) белгіленеді.»;
көрсетілген қаулының 4 – тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 7 – тармағындағы «тұрақты» деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
жұмыс тобының құрамына:
Купенов спорт ардагері,
Жақсылық Қайыркенұлы жұмыс тобының мүшесі;
Коломиец спорт ардагері,
Анатолий Константинович жұмыс тобының мүшесі болып енгізілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А. Қараевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Маңғыстау облысы
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының бастығы
________________ Х.Х. Нұрғалиева
12.10.2009ж.
Маңғыстау облысы
туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасының бастығы
________________ С.И. Пахомов
13.10.2009ж.