О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2008 года № 230
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2008 года № 230
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 25.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2017 AI50204_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000021_
- ЭКБ идентификаторы
- 50204
- Редакция идентификаторы
- AI50204_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:14
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
5-тармақтың 41) тармақшасында "34" деген цифрлар "32" деген цифрлармен ауыстырылсын;
55-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ораманың (ыдыстың) зат белгілерінде "сүт" деген сөздің алдында сүт алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі (сиыр сүтін қоспағанда). Егер сүт өнімі қойылтылған не қоюлатылған сүттен не құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен өндірілген жағдайда ораманың беткі жағында тиісінше: "қойылтылған сүттен қалпына келтірілген", "коюлатылған сүттен қалпына келтірілген", "құрғақ табиғи сүттен қалпына келтірілген" және "құрғақ майсыздандырылған сүттен қалпына келтірілген" деген сөздер көрсетіледі. Бұл ретте өнімнің атауы және көрсетілген жазулар бір өлшемдегі қаріппен орындалуы тиіс.";
12-бөлім алынып тасталсын;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын ҚР СЭҚ ТН 0402, 0405 және 0406 тауарлық позицияларына кіретін сүт және сүт өнімдері "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысына сәйкес осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатады.";
60, 61 және 62-тармақтар алынып тасталсын;
14-бөлім алынып тасталсын.