О внесении изменений в решение акима Тассайского сельского округа от 11 декабря 2008 года № 5 «О присвоении названии улиц населенным пунктам сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Тассайского сельского округа от 11 декабря 2008 года № 5 «О присвоении названии улиц населенным пунктам сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Тассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 «Тассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 06.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2017 111392_177608.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CLM05433
- ЭКБ идентификаторы
- 111392
- Редакция идентификаторы
- 111392_177608
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:28
0 Тассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 «Тассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Тассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тассай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 5 «Тассай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-72 тіркелген, 2008 жылғы 18 желтоқсанда аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«О присвоении наименований улицам населенных пунктов Тассайского сельского округа»;
шешімнің кіріспесінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі «пунктом 3.2. Концепции государственной ономастической работы в Республике Казахстан утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 января 2005 года № 45 Постановления Акима Актюбинской области от 24 июля 2007 года № 255 «Об утверждении Положения о порядке регистрации и структуре адреса в Адресном реестре Актюбинской области» сөздері алынып тасталсын.»
орыс тіліндегі шешімнің бірінші абзацындағы «названия» сөзі «наименования» сөзімен ауыстырылсын.