О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акмолинской области от 11 августа 2008 года № а-6/341 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акмолинской области от 11 августа 2008 года № а-6/341 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому"
- Атауы (қаз.)
- "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № а-6/341 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-9/574
- Қабылданған күні
- 26.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2011 44032_173608.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08B0003305
- ЭКБ идентификаторы
- 44032
- Редакция идентификаторы
- 44032_173608
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:09
0 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы № а-6/341
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы №а-6/341 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3272 болып тіркелген, «Акмолинская правда» газетінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте, «Арқа ажары» газетінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
орыс тіліндегі 6-тармағындағы «қызмет көрсетілетін» сөзі «оқитын» сөзімен ауыстырылсын;
12-тармақтың 4)-тармағы мынадай редакцияда баяндалсын:
«4) азаматтардың тіркеу кітабы;»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқаларында ұсынылады, сонан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».