О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 11 апреля 2008 года № 6/86-IV "О дополнительном представлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 11 апреля 2008 года № 6/86-IV "О дополнительном представлении лекарственных средств отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/432-IV
- Қабылданған күні
- 21.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2020 60663_464619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11U0002057
- ЭКБ идентификаторы
- 60663
- Редакция идентификаторы
- 60663_464619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:35
0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1983-нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 68-нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»;
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы «Облыстық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізімі» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Гемагглютинин-«А» типті ботулиниялық токсин кешені 500 ЕД (Диспорт)
Барлық санаттар