Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение таможенного союза по санитарным мерам от 11 декабря 2009 года

Заң · № 398-IV · қабылданған 24.01.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2009-ekb-57250/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение таможенного союза по санитарным мерам от 11 декабря 2009 года Қолданыста Заң ·№ 398-IV ·24.01.2011
14.10.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение таможенного союза по санитарным мерам от 11 декабря 2009 года

Қолданыста Заң ·№ 398-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение таможенного союза по санитарным мерам от 11 декабря 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы 11 желтоқcандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
398-IV
Қабылданған күні
24.01.2011
Көрсетілген редакция
14.10.2014 AI57250_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1100000398
ЭКБ идентификаторы
57250
Редакция идентификаторы
AI57250_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:15

0 2009 жылғы 11 желтоқcандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1. Келісімнің 1-бабында:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат" - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын және уәкілетті органдар беретін құжат (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)".

2 2. Келісімнің 2-бабының үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Бірыңғай санитариялық талаптар бақылаудағы тауарлардың осы түріне ЕурАзЭҚ техникалық регламенттер қабылдағанға дейін қолданылады".

3 3. 5-бапта:

екінші абзацтағы "Бірыңғай санитариялық талаптарға" деген сөздерден кейін "немесе қайта ресімдемей, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "Бірыңғай санитариялық талаптарға" деген сөздерден кейін "немесе ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын.

4 4. 7-баптың алтыншы абзацындағы және 9-баптың бесінші абзацындағы "Бірыңғай санитариялық талаптарға" деген сөздерден кейін "немесе ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2-бап

Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Егер Тараптардың бірінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.

3 3-бап

Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірмені жолдайды.
Осымен 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған 2009 жылғы 11 желтоқcандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

Қолданыстағы