Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Сарыхобдинского сельского округа 11 мая 2009 года № 1 «Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы»

Өзге акт · № 10 · қабылданған 18.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2009-no-1/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Сарыхобдинского сельского округа 11 мая 2009 года № 1 «Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» Қолданыста Өзге акт ·№ 10 ·18.07.2019
18.07.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Сарыхобдинского сельского округа 11 мая 2009 года № 1 «Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы»

Қолданыста Өзге акт ·№ 10 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Сарыхобдинского сельского округа 11 мая 2009 года № 1 «Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы»
Атауы (қаз.)
Сарықобда селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 мамырдағы № 1 «Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
18.07.2019
Көрсетілген редакция
18.07.2019 133452_414807.kaz
Соңғы өзгеріс
18.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CCM06279
ЭКБ идентификаторы
133452
Редакция идентификаторы
133452_414807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:07

0 Сарықобда селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 мамырдағы № 1 «Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Сарықобда селолық округі әкімінің 2009 жылғы 11 мамырдағы № 1 қазақ тіліндегі «Сарықобда селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-83 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 шілдеде «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Сарықобда, Болгарка ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2 2. «Сарықобда ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

Қолданыстағы