Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 ноября 2009 года № 691 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров, а также квалификационных требований к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-57/2020 · қабылданған 26.05.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2009-no-691/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 ноября 2009 года № 691 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров, а также квалификационных требований к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования» Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-57/2020 ·26.05.2020
19.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 ноября 2009 года № 691 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров, а также квалификационных требований к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования»

Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-57/2020 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 ноября 2009 года № 691 «Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки медицинских и фармацевтических кадров, а также квалификационных требований к организациям, реализующим программы дополнительного медицинского и фармацевтического образования»
Атауы (қаз.)
«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-57/2020
Қабылданған күні
26.05.2020
Көрсетілген редакция
19.01.2021 143220_505152.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020733
ЭКБ идентификаторы
143220
Редакция идентификаторы
143220_505152
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:21

0

«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 175-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелді, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында № 2 болып жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 10-2,10-3 және 10-4-тармақтармен толықтырылсын:
«10-2. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өту туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негізінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға веб-портал арқылы жугінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
10-3. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
10-4. Ақпараттық жүйеде ақау туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы туралы операторға хабарлайды.
Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.»;
мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:
«17-2. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сотқа шағымдануға құқылы.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қағидаларға 4-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 26 мамыры
№ ҚР ДСМ-57/2020
Бұйрыққа қосымша
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларына
4-қосымша
«Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы кадр­лар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру және қай­та да­яр­лау ту­ра­лы құ­жат­тар бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де);
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де:
1) оқу бағ­дар­ла­ма­сын то­лық игер­ген сәт­тен ба­стап, бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­дан және қай­та да­яр­ла­удан өт­ке­ні ту­ра­лы құ­жат­тар бе­ру – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні (оқу бағ­дар­ла­ма­сын то­лық игер­ген жағ­дай­да), оқу­ды аяқ­та­ған­нан кей­ін бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру және қай­та да­яр­лау кур­ста­ры­ның ұз­ақ­тығ­ы­на қа­ра­ма­стан;
2) құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты-30 (отыз) ми­нут:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 30 (отыз) ми­нут­тан ас­пай­ды.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
1) бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­дан өт­ке­ні ту­ра­лы: осы бұй­рық­қа 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы ку­ә­лік;
2) қай­та да­яр­лау жө­нін­де­гі құ­жат­тар: осы бұй­рық­қа 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау са­ла­сы­ның кадр­ла­рын қай­та да­яр­лау ту­ра­лы ку­ә­лік;
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін – же­ке тұ­лға­лар­ға
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да (дүй­сен­бі – жұ­ма са­ғат 8.00-ден 20.00-ге дей­ін үзі­ліс­сіз, сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 14.00-ге дей­ін), де­ма­лыс күн­де­рін қо­с­па­ған­да (сен­бі, жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес;
2) пор­тал – тәу­лік бойы, тех­ни­ка­лық үзі­лі­сті қо­с­па­ған­да, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.)
8
Құ­жат­тар тіз­бе­сі, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі­нің)
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
ті­ке­лей жү­гін­ген кез­де сәй­кестен­ді­ру үшін же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат;
2) пор­тал­ға:
элек­трон­дық түр­де­гі сұ­рау са­лу.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
10
Өзге де та­лап­тар мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер­дің ме­кен­жай­ла­ры және бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну­дың кез кел­ген са­ты­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы