О внесении изменений в решение акима сельского округа Атамекен от 11 июня 2009 года №199 «Атамекен селолық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және бұрынғы атауларын өзгерту туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима сельского округа Атамекен от 11 июня 2009 года №199 «Атамекен селолық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және бұрынғы атауларын өзгерту туралы»
- Атауы (қаз.)
- Атамекен ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы №199 «Атамекен селолық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және бұрынғы атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 25.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2017 110012_161265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MGB03275
- ЭКБ идентификаторы
- 110012
- Редакция идентификаторы
- 110012_161265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:22
0 Атамекен ауылдық округі әкімінің
2009 жылғы 11 маусымдағы
№199 «Атамекен селолық округіне
қарасты тұрғын үй массивтері
көшелеріне ат қою және бұрынғы
атауларын өзгерту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып облыстық ономастика комиссиясының 2009 жылғы 29 сәуіріндегі қорытындысы негізінде, Атамекен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атамекен ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы №199 «Атамекен селолық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және бұрынғы атауларын өзгерту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-55 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 шілдедегі №30(86) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және атауларын өзгерту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 1-қосымшаға сәйкес Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивіндегі атаулары жоқ көшелерге атаулар қойылсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелерінің аттары өзгертілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивіндегі атаулары жоқ көшелердің атаулары»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелерінің атаулары».