Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2010 года № 1049 «Об утверждении Правил и сроков проведения национальных переписей»

Қаулы · № 105 · қабылданған 03.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2010-no-1049/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2010 года № 1049 «Об утверждении Правил и сроков проведения национальных переписей» Күшін жойған Қаулы ·№ 105 ·03.03.2018
07.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2010 года № 1049 «Об утверждении Правил и сроков проведения национальных переписей»

Күшін жойған Қаулы ·№ 105 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2010 года № 1049 «Об утверждении Правил и сроков проведения национальных переписей»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
105
Қабылданған күні
03.03.2018
Көрсетілген редакция
07.08.2023 119176_648949.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000105
ЭКБ идентификаторы
119176
Редакция идентификаторы
119176_648949
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:30

0 «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 105 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 11 қазандағы
№ 1049 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұлттық санақтарды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алғашқы статистикалық деректер – статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;

2) ауыл шаруашылығы санағы – белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау мақсатында жүргізілетін ұлттық санақ;

3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі –уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) нұсқаушы-бақылаушы – санақ учаскелерінің толық қамтылуын бақылауды жүзеге асыратын адам;

5) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

6) санақ персоналы – осы Қағидада белгіленген тәртіппен ұлттық санақ жүргізуге уәкілетті орган тартатын адамдар;

7) статистикалық нысан – статистикалық құжаттың алғашқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақнама, сауалнама, санақ парағы және басқа да формулярлар);

8) сұхбат жүргізуші – санақ парақтарындағы сұрақтарға деректерді жинауды жүзеге асыратын адам;

9) ұлттық санақ – статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін, арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау.

2. Ұлттық санақтарды жүргізу тәртібі

3. Ұлттық санақтар халық санағы мен ауыл шаруашылығы санағын қамтиды.

4. Ұлттық санақтар:

1) планшет немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда) пайдаланумен сұхбат жүргізушінің респондентке сауал жүргізуі арқылы санақ парақтарын толтыруы;

2) онлайн режимде интернет желісі арқылы электрондық түрде респонденттердің санақ парақтарын толтыруы арқылы жүргізіледі.

5. Ұлттық санақ дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдерді қамтиды.

6. Дайындық кезеңі 2 (екі) жыл ішінде жүзеге асырылады.

7. Дайындық кезеңінде уәкілетті орган мынадай іс-шараларды іске асырады:

1) ұлттық санақты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

2) пилоттық санақты жүргізу тәртібін, санақ парақтарын, ұлттық санақты жүргізу бойынша әдіснамалық құралдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту, ұлттық санақты жүргізуге арналған оқыту бағдарламаларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ санақ персоналына арналған оқыту семинарларын өткізуді ұйымдастыру;

4) тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп халық арасында ұлттық санақты жүргізудің мақсаты мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

5) санақ персоналын іріктеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ұлттық санаққа қатысуға шарттар жасасу.

Ұлттық санақтарды тиімді жүргізу мақсатында қосымша іс-шаралар жүргізілуі мүмкін – санақ парақтарын сынау, жүргізілуін ұйымдастыру мен алынған деректерді өңдеуді байқаудан өткізу, уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық санақ жүргізу арқылы облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің тізімдерін қалыптастыруы, нақтылауы, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынуы.

8. Негізгі кезеңде уәкілетті орган мынадай іс-шараларды іске асырады:

1) сұхбат жүргізушілердің алынған мәліметтерді санақ парақтарына енгізумен респонденттерге сауал жүргізу;

2) сауал жүргізу аяқталғаннан кейін санақ персоналының санақ парақтары деректерінің анықтығын және респонденттерді қамтудың толықтығын айқындау үшін кемінде 10 % қамтумен респонденттерді іріктемелі бақылап аралап шығуды ұйымдастыру;

3) сұхбат жүргізушілердің респонденттен алған алғашқы статистикалық деректерді уәкілетті органға беруін ұйымдастыру;

4) санақ парақтары деректерінің түсуіне қарай оларды ақпараттық жүйеге енгізуді ұйымдастыру.

9. Қорытынды кезең 2 (екі) жыл ішінде жүзеге асырылады. Қорытынды кезеңде уәкілетті орган мынадай іс-шараларды іске асырады:

1) ұлттық санақ қорытындыларын шығару;

2) ұлттық санақ қорытындыларын жиынтық деректер түрінде қалыптастыру және жариялау.

10. Санақ парақтарына негізгі сұрақтардан басқа өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеу үшін қажетті қосымша сұрақтар қосылуы мүмкін.

Санақ парақтарына жауаптары мемлекеттік құпияларға, коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын өзге де құпияға жататын, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кемсітетін не бұзатын ақпараттан тұратын сұрақтарды енгізуге жол берілмейді.

11. Санақ парақтары уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады.

12. Санақ парақтарындағы мәліметтерді өңдеу оларды рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау және оларды ұрлау, жоғалту, қолдан жасау немесе өзге де бұрмалауларға жол бермеуді қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.

13. Санақ парақтарына жазбалар респонденттер құжаттамалық растаусыз ауызша немесе жазбаша хабарлайтын мәліметтер негізінде жүргізіледі.

14. Санақ парақтарындағы респонденттен алынған алғашқы статистикалық деректер оның келісімінсіз таратуға жатпайды және статистикалық мақсаттар үшін ғана иесіздендірілген жиынтық түрде пайдаланылады.

15. Санақ парақтарында көзделмеген алғашқы статистикалық деректерді жинауға жол берілмейді.

16. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті органға, сондай-ақ өкілеттіктерін анықтай отырып, арнайы құрылған комиссияға жүктеуі мүмкін.

3. Ұлттық санақтарды жүргізу кезеңділігі мен мерзімдері

17. Ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір реттен кем емес, ал халық санағы әлемдік санақтардың кезекті раундына орайластырылған мерзімдерде жүргізіледі.

18. Уәкілетті органның ұсынысы бойынша санақтарды жүргізу мерзімдері мен ерекшеліктерін, оның ішінде санақтың қанша уақыт өткізілетінін көрсете отырып, ұлттық санақтарды жүргізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

4. Ұлттық санақтардың қорытындыларын шығару және оларды жариялау

19. Ұлттық санақтарды жүргізу кезінде алынған алғашқы статистикалық деректерді уәкілетті орган өңдейді.

Ұлттық санақтардың қорытындылары электрондық және қағаз жеткізгіштерде ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы