Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 января 2010 года № 2 "О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 226 "О бюджете Житикаринского района на 2010-2012 годы"

Қаулы · № 151 · қабылданған 19.03.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2010-no-2-25-2009-no-226-2010-2012-ekb-51564/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 января 2010 года № 2 "О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 226 "О бюджете Житикаринского района на 2010-2012 годы" Қолданыста Қаулы ·№ 151 ·19.03.2010
19.03.2010 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 января 2010 года № 2 "О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 226 "О бюджете Житикаринского района на 2010-2012 годы"

Қолданыста Қаулы ·№ 151 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 января 2010 года № 2 "О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 226 "О бюджете Житикаринского района на 2010-2012 годы"
Атауы (қаз.)
"2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 әкімдік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
151
Қабылданған күні
19.03.2010
Көрсетілген редакция
19.03.2010 51564_171960.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NJ000139
ЭКБ идентификаторы
51564
Редакция идентификаторы
51564_171960
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:44

0 "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 әкімдік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес, "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" Жітіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-130 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "2010-2012 жылдарға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 226 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы" 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 2 әкімдік қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-133 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"3) мүгедектерге халықаралық мүгедектер күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
8) тармақшада "300" сандары "1400" сандарымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне жататын және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен білім алушы жастардың техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алуымен байланысты шығындарын төлеу үшін жылына оқу құнының нақты мөлшерінде;
10) Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне біржолғы 35000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға біржолғы 3000 теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға біржолғы 3000 теңге мөлшерінде.";
3 тармақта:
"6)" санынан кейін ",9)" санымен толықтырылсын;
"өткен тоқсандағы табыстары туралы анықтама" сөздерінен кейін "; тиісті оқу жылындағы оқудың фактісін және өтемақы мөлшерін растаған оқу орнынан анықтама (білім алушылар үшін)." сөздерімен толықтырылсын;
4 тармақта "8)," санынан кейін ", 4), 5), 9)" сандарымен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жітіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________ И. Григорьева
"Жітіқара ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________________ Г. Жидебаева

Қолданыстағы