Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц»

Өзге акт · № 435 · қабылданған 19.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2010-no-281-i-ii-iii-16-ekb-132786/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц» Қолданыста Өзге акт ·№ 435 ·19.06.2019
19.06.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц»

Қолданыста Өзге акт ·№ 435 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц»
Атауы (қаз.)
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы № 281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
435
Қабылданған күні
19.06.2019
Көрсетілген редакция
19.06.2019 132786_412232.kaz
Соңғы өзгеріс
19.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19C0006262
ЭКБ идентификаторы
132786
Редакция идентификаторы
132786_412232
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:28

0

Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы № 281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы № 281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды еріп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 тіркелген, 2010 жылғы 11 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жариялған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің 2-тармағында:
1) тармақшадағы «СТН көрсетілген» сөздері - алынып тасталсын;
3), 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедек баланың жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) жолдама:
стационарға емдеуге жатқызуға;
республикалық деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға;
6) жол жүру дерегін растайтын билеттер, егер олар болмаған жағдайда – темір жол көлігінде емделу орнына дейінгі және кері қайтуға жол жүру құны туралы анықтама;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) 1-тармақта көрсетілген адамды алып жүру қажеттігін растайтын медициналық анықтама.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соларға теңестірілген адамдар, I, II, III топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектер және оларды ертіп жүрген адамдар емдеу орнынан келген күнінен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірмей 2-тармақта көрсетілген жол жүру дерегін растайтын құжаттарды ұсынады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы