Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц»

Өзге акт · № 587 · қабылданған 11.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2010-no-281-i-ii-iii-16-ekb-150115/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц» Қолданыста Өзге акт ·№ 587 ·11.12.2020
11.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц»

Қолданыста Өзге акт ·№ 587 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 февраля 2010 года № 281 «Об оплате проезда участников и инвалидов Великой Отечественной войны, лиц, приравненных к ним, инвалидов I, II, III групп, инвалидов с детства до 16 лет и сопровождающих их лиц»
Атауы (қаз.)
Облыстық мәслихаттың 2010 жылдың 11 ақпандағы № 281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
587
Қабылданған күні
11.12.2020
Көрсетілген редакция
11.12.2020 150115_499248.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20C0007805
ЭКБ идентификаторы
150115
Редакция идентификаторы
150115_499248
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:08

0

Облыстық мәслихаттың 2010 жылдың 11 ақпандағы № 281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына және Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылдың 11 ақпандағы № 281 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, соларға теңестірілген адамдардың, I, II, III топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектердің және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемдері туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 тіркелген, 2010 жылдың 11 наурызында «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері туралы»;
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
шешімнің 1 тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының шегінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге және оларды ертіп жүрген адамдарға жол жүру төлемдері, теміржол көлігінде (екі бағытта) жылына бір рет, бірақ купелі вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, Ақтөбе қаласы және аудандардың бюджеттерінің қаражаты есебінен жүргізілсін.»;
шешімнің 3 тармағындағы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соларға теңестірілген адамдар» деген сөздер «Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы