Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 марта 2010 года № 82 "О реализации решения районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 233 "О районном бюджете на 2010-2012 годы"

Қаулы · № 334 · қабылданған 10.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2010-no-82-25-2009-no-233-2010-2012/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 марта 2010 года № 82 "О реализации решения районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 233 "О районном бюджете на 2010-2012 годы" Күшін жойған Қаулы ·№ 334 ·10.08.2010
25.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 марта 2010 года № 82 "О реализации решения районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 233 "О районном бюджете на 2010-2012 годы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 334 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 11 марта 2010 года № 82 "О реализации решения районного маслихата от 25 декабря 2009 года № 233 "О районном бюджете на 2010-2012 годы"
Атауы (қаз.)
"2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 25 желтоқсандағы № 233 шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
334
Қабылданған күні
10.08.2010
Көрсетілген редакция
25.03.2011 AI54615_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NR000122
ЭКБ идентификаторы
54615
Редакция идентификаторы
AI54615_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:35

0 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 25 желтоқсандағы № 233 шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, Таран аудандық мәслихатының 2009 жылдың 25 желтоқсандағы № 233 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, (2009 жылғы 29 желтоқсандағы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-18-106, "Шамшырақ" аудандық газетінде 2010 жылғы 7 қаңтарда жарияланған) Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2009 жылдың 25 желтоқсандағы № 233 аудандық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдік 2010 жылдың 11 наурыздағы № 82 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-18-111, 2010 жылғы 26 наурызында "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармағының 6) тармақшасындағы "бір айлық есептік көрсеткіш" сөздері "үш айлық есептік көрсеткіш" сөздерімен ауыстырылсын;
1-тармағының 7) тармақшасындағы "тоқсан сайын" сөзі "ай сайын" сөзімен ауыстырылсын;
1-тармағы мынадай мағынада 14), 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
"14) стационарлық емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі көрсеткіш деңгейі төрт орташа жан басы есеп көрсеткіші бар отбасылардағы азаматтарға;
емделуге мұқтаж азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындалады және төленіледі;
15) стационарлық емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі көрсеткіш деңгейі төрт орташа жан басы есеп көрсеткіші бар (азық-түлік өнімдерін, киім, дәрі алуға арналған) отбасылардағы азаматтарға;
бір жолғы әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтарға тағайындалады және төленіледі.";
жоғарыда көрсетілген қаулысының қосымшасы мынадай мазмұнды 14, 15-тармақтармен толықтырылсын:
"14. Медициналық мекемелерде тексерілу, стационарда емделуге арналған бір жолғы әлеуметтік көмек:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі;
3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
4) тұратын орнын растайтын құжаттың көшірмесі;
5) көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын, өтініш беруші үшін заң өкілі болып табылатын кәмелетке толмаған баланың- құжат көшірмесі;
6) өткен тоқсанның есептері бойынша тұлғаның (отбасының) кірістері туралы мәліметтер;
7) тексерілуге жолдама немесе емделуі үшін төлем деректерін растайтын медициналық мекемелердің анықтамасы.
15. Азық-түлік өнімдерін, киім, дәрі-дәрмек алуға арналған бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
4) тұратын орның растайтын құжаттың көшірмесі;
5) көрсетілген мәртебесінің бар болуын растайтын, өтініш беруші үшін заң өкілі болып табылатын кәмелетке толмаған баланың- құжат көшірмесі;
6) өткен тоқсанның есептері бойынша тұлғаның (отбасының) кірістері туралы мәліметтер;
7) медициналық мекемеден анықтама (дәрі-дәрмек алу үшін әлеуметтік көмек).".

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
(ММ) бастығы
_______________ Л. Өтешева
"Таран ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
ММ бастығы
________________ В. Пирог

Қолданыстағы