Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Сугалинского сельского округа Кобдинского района от 11 июля 2011 года № 1 «О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Сугалинского сельского округа»

Өзге акт · № 1 · қабылданған 28.02.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2011-no-1/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Сугалинского сельского округа Кобдинского района от 11 июля 2011 года № 1 «О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Сугалинского сельского округа» Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·28.02.2017
28.02.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Сугалинского сельского округа Кобдинского района от 11 июля 2011 года № 1 «О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Сугалинского сельского округа»

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Сугалинского сельского округа Кобдинского района от 11 июля 2011 года № 1 «О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Сугалинского сельского округа»
Атауы (қаз.)
Қобда ауданының Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 1 «Сөгәлі ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
28.02.2017
Көрсетілген редакция
28.02.2017 111000_172880.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CGO05353
ЭКБ идентификаторы
111000
Редакция идентификаторы
111000_172880
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:57

0 Қобда ауданының Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 1 «Сөгәлі ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизия және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданыың Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қобда ауданының Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 1 «Сөгәлі ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-118 тіркелген, 2011 жылғы 25 тамызда аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын.
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бұлақ ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 4 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы