О внесении дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 11 февраля 2011 года № 101/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 11 февраля 2011 года № 101/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" № 101/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 355/4
- Қабылданған күні
- 13.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2013 AI59208_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PC000298
- ЭКБ идентификаторы
- 59208
- Редакция идентификаторы
- AI59208_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:21
0 Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" № 101/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, 37-бабының 1, 7-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы (IV шақырылған кезектен тыс XXХI сессиясы) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессиясы) " 2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 342/31 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 ақпандағы "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2011 жылға әлеуметтік көмек туралы" № 101/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-292 тіркелген, 2011 жылғы 3 наурыздағы № 9 "Отарқа" және 2011 жылғы 4 наурыздағы № 10 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
3-тармағының 5) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандар үшін Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай қосымша біржолғы материалдық көмек;";
4-тармағының 3) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Чернобыль атом электр станциясының апатты салдарын жоюға қатысқандарға Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек;".