О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 11 апреля 2011 года № 168/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Иртышского района на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата района от 11 апреля 2011 года № 168/2 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Иртышского района на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі "2011 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 168/2 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 478/7
- Қабылданған күні
- 23.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2012 61988_196817.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PG000130
- ЭКБ идентификаторы
- 61988
- Редакция идентификаторы
- 61988_196817
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:04
0 Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі "2011 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 168/2 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Ертіс аудандық мәслихатының (IV сайланған XXXII сессиясы) 2010 жылдың 22 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 196-32-4 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәурдегі "2011 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 168/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік Реестрінде 2011 жылғы 22 мамырдағы № 12-7-119 тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымдағы № 44 "Ертіс нұры" мен № 45 "Иртыш" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
2–тармақтың 28) тармақшасына:
"отбасыларға," деген сөзден кейін "1 топтағы" деген сөзбен толықтырылсын;
"қатысушыларына" деген сөзден кейін "және оларға теңестірілген тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармағының 27) тармақшасындағы "16" саны "19" санымен ауыстырылсын.