О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 11 апреля 2011 года № 4С-31/4 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 11 апреля 2011 года № 4С-31/4 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 4С-31/4 "2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-36/2
- Қабылданған күні
- 12.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2012 61112_195651.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BL000152
- ЭКБ идентификаторы
- 61112
- Редакция идентификаторы
- 61112_195651
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:28
0
Жарқайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 4С-31/4 "2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының 1 тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жарқайың аудандық мәслихатының «2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 4С-31/4 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-147 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов