О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 11 февраля 2011 года № 4С 33/1 "Об определении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 11 февраля 2011 года № 4С 33/1 "Об определении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С 33/1 "2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4С 37/2
- Қабылданған күні
- 05.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2013 60533_194439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11BE000169
- ЭКБ идентификаторы
- 60533
- Редакция идентификаторы
- 60533_194439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:40
0
Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С 33/1 "2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы» Атбасар аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 4С 33/1 (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-161 тіркелген, 2011 жылғы 4 наурыздағы «Атбасар» және «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары анықталсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар ауданының әкімі Әубәкіров Р.Ш.