Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Кыргызской Республики и граждан Кыргызской Республики на территории Республики Казахстан от 11 мая 2012 года

Заң · № 79-VI · қабылданған 23.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2012-ekb-113026/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Кыргызской Республики и граждан Кыргызской Республики на территории Республики Казахстан от 11 мая 2012 года Қолданыста Заң ·№ 79-VI ·23.06.2017
23.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Кыргызской Республики и граждан Кыргызской Республики на территории Республики Казахстан от 11 мая 2012 года

Қолданыста Заң ·№ 79-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Кыргызской Республики и граждан Кыргызской Республики на территории Республики Казахстан от 11 мая 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79-VI
Қабылданған күні
23.06.2017
Көрсетілген редакция
23.06.2017 113026_273427.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1700000079
ЭКБ идентификаторы
113026
Редакция идентификаторы
113026_273427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:42

0

2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы
2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2016 жылғы 17 қазанда Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге
және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
екі мемлекеттің арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының жол жүруін құқықтық реттеу мақсатында,
1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың ережелері мен қағидаттарын назарға ала отырып,
бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап
1. Басқа Тарап мемлекетінің аумағында уақытша болатын бір Тарап мемлекетінің азаматтары болатын Тараптың құзыретті органдарында күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі көші-қон картасымен және (немесе) болатын Тарап мемлекетінің аумағына кіру кезінде қойылған шекаралық бақылау органдарының белгісімен расталған бір Тарап мемлекеті азаматының басқа Тарап мемлекетінің аумағына кірген күнінен бастап есептеледі.
3. Бір Тарап мемлекетінің азаматы басқа Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда, көрсетілген азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.
4. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары кірген Тарап мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге тіркеледі және тіркеу осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін.".

2 2-бап

Осы Хаттаманы түсіндіруге және орындауға қатысты даулы мәселелер Тараптардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы реттеледі.

3 3-бап

1 1. Осы Хаттама дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

Астана қаласында 2016 жылғы 17 қазанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Қолданыстағы