О внесении изменений в решение акима поселка Тобол от 11 марта 2012 года № 1 «О присвоении наименований улицам поселка Тобол»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима поселка Тобол от 11 марта 2012 года № 1 «О присвоении наименований улицам поселка Тобол»
- Атауы (қаз.)
- Тобыл кенті әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 1 «Тобыл кентінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 20.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.11.2018 127126_385335.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NR008163
- ЭКБ идентификаторы
- 127126
- Редакция идентификаторы
- 127126_385335
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:34
0 Тобыл кенті әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 1 «Тобыл кентінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Таран ауданы Тобыл кентінің құрамдас бөліктерін қайта атау туралы» Тобыл кенті әкімінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тобыл кенті әкімінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 1 «Тобыл кентінің көшелеріне атау беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-164 тіркелген, 2012 жылғы 5 шілдедегі «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің 1-тармағының 3), 5), 7), 13), 19), 34), 35), 40) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«3) № 3 атаусыз көшесіне - Бейбітшілік көшесі;
5) № 5 атаусыз көшесіне - Тәуелсіздік
көшесі;
7) № 7 атаусыз көшесіне - Достық
көшесі;
13) № 13 атаусыз көшесіне - Болашақ
көшесі;
19) № 19 атаусыз көшесіне - Бақыт
көшесі;
34) № 34 атаусыз көшесіне - Бірлік
көшесі;
35) № 35 атаусыз көшесіне - Самал
көшесі;
40) № 40 атаусыз тұйық көшесіне - Жеңіс көшесі;».
2. «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.