О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 153-ө «Об утверждении Правил осуществления взаимного признания единиц квот и иных углеродных единиц на основе международных договоров Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 153-ө «Об утверждении Правил осуществления взаимного признания единиц квот и иных углеродных единиц на основе международных договоров Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 486
- Қабылданған күні
- 11.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 108151_534003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014511
- ЭКБ идентификаторы
- 108151
- Редакция идентификаторы
- 108151_534003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7703 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда № 551-556 (27629) «Егемен Қазақстан» газетіндежарияланған) мынадайөзгерістеренгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларында:
4 –тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) оныңнегізіндекөміртегібірліктерімен мәмілелер бойынша операциялар жүзеге асырылатын көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің болуы;»;
5 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасынан тыс шығарылған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерін тануға қатыстыталаптар мен шарттар Қазақстан Республикасының шет ел мемлекеттерімен екі жақты немесе көп жақты шарттарды жасасу арқылы жүзеге асырылады.»;
6-тармақ алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.