Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 11 мая 2012 года № 263 "Об определении временных торговых площадей по реализации плодоовощной и бахчевой продукции в специально отведенных местах на территории города Актау"

Қаулы · № 807 · қабылданған 07.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2012-no-263/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 11 мая 2012 года № 263 "Об определении временных торговых площадей по реализации плодоовощной и бахчевой продукции в специально отведенных местах на территории города Актау" Күшін жойған Қаулы ·№ 807 ·07.09.2012
13.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 11 мая 2012 года № 263 "Об определении временных торговых площадей по реализации плодоовощной и бахчевой продукции в специально отведенных местах на территории города Актау"

Күшін жойған Қаулы ·№ 807 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Актау от 11 мая 2012 года № 263 "Об определении временных торговых площадей по реализации плодоовощной и бахчевой продукции в специально отведенных местах на территории города Актау"
Атауы (қаз.)
Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 "Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
807
Қабылданған күні
07.09.2012
Көрсетілген редакция
13.04.2021 67919_517693.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12MA002162
ЭКБ идентификаторы
67919
Редакция идентификаторы
67919_517693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:23

0 Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 "Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы» қаулысына(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-180 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 маусымдағы № 103 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Ш. Ержанов):
1) кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жергілікті базарларға жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
2) «Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (С.Қ. Утеева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына (одан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкестендіруді қамтамасыз етсін;
3) «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (А.К. Жүзбаева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарының көлемі және шекарасы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес белгіленсін;
4) «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Б.Г. Қасымов) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарында және оған жалғанған аумақтарда тазалықты қамтамасыз етсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

“КЕЛІСІЛДІ”:
“Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Утеева
07 қыркүйек 2012 жыл
“КЕЛІСІЛДІ”:
“Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі”
мемлекеттік мекемесі бастығының м.а.
А. Жүзбаева
07 қыркүйек 2012 жыл
“КЕЛІСІЛДІ”:
“Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Ержанов
07 қыркүйек 2012 жыл
“КЕЛІСІЛДІ”:
“Ақтау қалалық тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Қасымов
07 қыркүйек 2012 жыл
“КЕЛІСІЛДІ”:
“Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы”
мемлекеттік мекемесінің бастығының м.а.
Ж. Сарсенбаев
07 қыркүйек 2012 жыл

Қолданыстағы