Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 11 июля 2013 года № 11/120 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе"

Ереже · № 22/227 · қабылданған 15.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2013-no-11120-ekb-83792/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 11 июля 2013 года № 11/120 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 22/227 ·15.09.2014
28.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 11 июля 2013 года № 11/120 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 22/227 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 11 июля 2013 года № 11/120 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Каракиянском районе"
Атауы (қаз.)
Қарақия аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22/227
Қабылданған күні
15.09.2014
Көрсетілген редакция
28.03.2024 83792_692250.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MD002514
ЭКБ идентификаторы
83792
Редакция идентификаторы
83792_692250
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:36

0 Қарақия аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 "Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 шілдедегі № 11/120 «Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2286 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 тамызда № 33 (544) «Қарақия» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарақия ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
3 тармақтағы «сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй - жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге,» деген сөздер алынып тасталсын;
7 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).

3 3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. Осы шешімнің 1 тармағының 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы
2014 жыл 15 қыркүйек
«Қарақия аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Әбдіхалықова Әлия Жұмабайқызы
2014 жыл 15 қыркүйек

Қолданыстағы