О внесении дополнений в решение Жылыойского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17-17 «Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Жылыойского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17-17 «Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36-2
- Қабылданған күні
- 25.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2021 132988_540942.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TB004436
- ЭКБ идентификаторы
- 132988
- Редакция идентификаторы
- 132988_540942
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:24
0 Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-17 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2819 болып тіркелген, 2014 жылы 9 қаңтарда «Кең Жылой» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы келесі 6), 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
«6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;
7) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркімен көшкен), көшірілген күні анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдарға;
8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына.»