О внесении изменений и дополнения в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/95
- Қабылданған күні
- 15.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2020 112592_500922.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MF003366
- ЭКБ идентификаторы
- 112592
- Редакция идентификаторы
- 112592_500922
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:07
0 Түпқараған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер және
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
10 тармақта:
2) тармақша келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні:
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдарға - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларға - 20 (жиырма ) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
3) тармақшаның тоғызыншы, оныншы абзацтары алынып тасталсын;
келесідей мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) 29 тамыз - Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
2
2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Берішбаева) жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Беришбаева
15 мамыр 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
А.Исатаева
15 мамыр 2017 жыл