Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 17/142 · қабылданған 05.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2013-no-17111-ekb-119204/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 17/142 ·05.02.2018
10.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 17/142 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17/142
Қабылданған күні
05.02.2018
Көрсетілген редакция
10.12.2020 119204_500908.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18MF003534
ЭКБ идентификаторы
119204
Редакция идентификаторы
119204_500908
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:55

0 Түпқараған аудандық мәслихатының

2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер және
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
1 тармақ келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 1997 жылғы 16 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.»
10 тармақта:
4) тармақшаның екінші, үшінші абзацтары алынып тасталсын;
11) тармақша келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«11) 29 тамыз - Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәлігін ұсынған жағдайда - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
11 тармақта:
1) тармақша келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы берілмеген кезде әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық ауруларға, мамандандырылған және туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шыққандарға, иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табысын есепке алмай, жылына бір рет - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
6) тармақшада:
үшінші абзацы келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«ауданның мемлекеттік мекемелерінің сұраныстарына сай денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада («Стоматология» мамандығынан басқа) оқитын студенттерге;»;
келесідей мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің
кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу немесе талапкерлерді кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде облыс әкімінің гранты негізінде қабылданған күндізгі бөлімде оқитын студенттерге беріледі.».

2 2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Беришбаева) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Беришбаева
5 ақпан 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін
атқарушы
А.Исатаева
5 ақпан 2018 жыл

Қолданыстағы