О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31/210
- Қабылданған күні
- 29.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2020 92420_500914.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MF002783
- ЭКБ идентификаторы
- 92420
- Редакция идентификаторы
- 92420_500914
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:21
0 Түпқараған аудандық мәслихатының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №1005 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесідей өзгерістер енгізілсін:
3 тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті ұйым - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» ( бұдан әрі – Орталық ) республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының Маңғыстау облыстық филиалы;»;
11 тармақта:
6) тармақшаның 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ауданның денсаулық сақтау, білім беру, ауылшаруашылық кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге;»;
13 тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) туу туралы куәлік және сынақ кітапшасы (жоғары оқу орындарының студенттері үшін);»;
24 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.».
2 2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О. Әбдірахманов) жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Дощанов
29 маусым 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы:
Ж.Төлеген
29 маусым 2015 жыл