Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 34/232 · қабылданған 29.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2013-no-17111-ekb-95609/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 34/232 ·29.10.2015
10.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 34/232 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 17/111 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34/232
Қабылданған күні
29.10.2015
Көрсетілген редакция
10.12.2020 95609_500912.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15MF002875
ЭКБ идентификаторы
95609
Редакция идентификаторы
95609_500912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:50

0 Түпқараған аудандық мәслихатының

2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда «Әділет» ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің , оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
11 тармақта:
6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«6) әлеуметтік көмек табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеу қоймай, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын бала жастан мүгедек, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек студенттер мен өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққанда, Маңғыстау облысы бойынша 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа табысы бар отбасылардағы келесі санаттағы тұлғаларға, ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде, жылына бір рет білім беру ұйымдарына білім беру қызметіне төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға – 5 (бес айлық) есептік көрсеткіш мөлшерінде:
ауданның денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада оқитын студенттерге;
тұл жетім немесе балалар үйінде және балалар ауылында тәрбиеленуші студенттерге;
ата-анасының біреуі немесе екеуі де бірінші, екінші топтағы мүгедек немесе екеуі де зейнеткер студенттерге;
ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;
бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған кемінде төрт және одан да көп баласы бар отбасындағы бір студентке ғана көрсетіледі.».

2 2. Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Дощанов
29 қазан 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы:
Ж.Төлеген
29 қазан 2015 жыл

Қолданыстағы