О внесении дополнений в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 258-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 258-V «Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 428-VI
- Қабылданған күні
- 04.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2022 133387_591680.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TH004451
- ЭКБ идентификаторы
- 133387
- Редакция идентификаторы
- 133387_591680
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:15
0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 санымен тіркелген, аудандық «Серпер» үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға;
7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдарға, қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алу себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына».