Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 11 сентября 2013 года № 275 «Об утверждении Правилорганизации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Кызылординской области»

Қаулы · № 795 · қабылданған 23.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2013-no-275-ekb-85899/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 11 сентября 2013 года № 275 «Об утверждении Правилорганизации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Кызылординской области» Қолданыста Қаулы ·№ 795 ·23.12.2014
23.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 11 сентября 2013 года № 275 «Об утверждении Правилорганизации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Кызылординской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 795 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 11 сентября 2013 года № 275 «Об утверждении Правилорганизации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Кызылординской области»
Атауы (қаз.)
«Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
795
Қабылданған күні
23.12.2014
Көрсетілген редакция
23.12.2014 85899_1131.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14L0004849
ЭКБ идентификаторы
85899
Редакция идентификаторы
85899_1131
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:25

0 «Қызылорда облысының

агроөнеркәсіптік кешен
саласында инновациялық
жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру Қағидасын
бекіту туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің
2013 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 275 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №275 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4524 нөмірімен тіркелген, 2014 жылдың 16 қаңтарда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсiн.»;
аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидасының 11-тармағының 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) заңды тұлғалар үшін қосымша:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
құрылтайлық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесі».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы