О внесении изменения в постановление акимата Мунайлинского района от 11 февраля 2013 года № 32-қ «Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мунайлинского района от 11 февраля 2013 года № 32-қ «Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность»
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 318-қ
- Қабылданған күні
- 22.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2017 98416_225247.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MG002959
- ЭКБ идентификаторы
- 98416
- Редакция идентификаторы
- 98416_225247
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:54
0 Мұнайлы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ
«Коммуналдық меншікке келіп түскен
қараусыз қалған жануарларды келіп түсу
және пайдалану қағидасын бекіту
туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2225 болып енгізілген, «Мұнайлы» газетінде 2013 жылғы 29 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаға:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке түсуі тапсыру-қабылдау актісі негізінде жүзеге асырылады. Тапсыру-қабылдау актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім), «Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі) мен «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын өкілетті тұлға бекітеді.».