О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 сентября 2013 года № 370 «Об утверждении Типовых правил деятельности видов организаций дополнительного образования для взрослых»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 сентября 2013 года № 370 «Об утверждении Типовых правил деятельности видов организаций дополнительного образования для взрослых»
- Атауы (қаз.)
- «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 233
- Қабылданған күні
- 27.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2021 131946_559974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018743
- ЭКБ идентификаторы
- 131946
- Редакция идентификаторы
- 131946_559974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:46
0 «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8829 болып енгізілді, 2014 жылғы 15 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінің № 72 (28296) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:
36 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) жүзеге асырылады.»;
38 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Орталықтарда білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес оқу топтары құрылады. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген).».
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындаулы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі