О внесении изменений и дополнений в решение акима города Астаны от 11 апреля 2014 года № 03-11 «О границах избирательных участков по городу Астане»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение акима города Астаны от 11 апреля 2014 года № 03-11 «О границах избирательных участков по городу Астане»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03-07
- Қабылданған күні
- 06.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2015 87515_361745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00887
- ЭКБ идентификаторы
- 87515
- Редакция идентификаторы
- 87515_361745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:13
0 «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
1
1. «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 808 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырдағы № 51 (3108) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 13 мамырдағы № 50 (3126) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымша мынадай сөздермен және сандармен толықтырылсын:
«№ 255 сайлау учаскесі (орталығы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының № 5573 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Үркер тұрғын алабы, Е-575 (жобалық атауы) көше).»;
жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:
«№ 184 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Сарыарқа даңғылы, № 30а» деген сөздер мен сандар «Бейбітшілік көшесі, № 58» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 185 сайлау учаскесі (№ 5570 әскери бөлімі, Бейбітшілік көшесі, № 59)» деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.
2
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Астана қаласы қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы
__________________ И. Жалбиров
2015 жылғы «__»______________