О внесении изменений в решение акима города Астаны от 11 апреля 2014 года № 03-11 «О границах избирательных участков по городу Астане»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима города Астаны от 11 апреля 2014 года № 03-11 «О границах избирательных участков по городу Астане»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 03-08
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2015 88217_361741.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00891
- ЭКБ идентификаторы
- 88217
- Редакция идентификаторы
- 88217_361741
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:54
0 «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
1
1.«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 808 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырдағы № 51 (3108) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 13 мамырдағы № 50 (3126) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
«№ 10 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Қорқыт көшесі, 3» деген сөздер мен сан «М. Ғабдуллин көшесі, № 7» деген сөздермен және санмен ауыстырылсын;
«№ 17 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Жәнібек тархан көшесі, 17» деген сөздер мен сандар «Ж. Тархан көшесі, № 16» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 18 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Жәнібек тархан көшесі, 17» деген сөздер мен сандар «Ж. Тархан көшесі, № 16» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 19 сайлау учаскесі» деген жолдағы «А. Янушкевич көшесі, 6» деген сөздер мен сан «А. Жұбанов көшесі, № 7» деген сөздермен және санмен ауыстырылсын;
«№ 22 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Қажымұқан көшесі, 5» деген сөздер мен сан «Қажымұқан көшесі, № 13» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 36 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Қажымұқан көшесі, 3» деген сөздер мен сан «Қажымұқан көшесі, № 7» деген сөздермен және санмен ауыстырылсын;
«№ 44 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Абылай хан даңғылы, 21/3» деген сөздер мен сандар «Абылай хан даңғылы, № 25/3» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 45 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Абылай хан даңғылы, 21/3» деген сөздер мен сандар «Абылай хан даңғылы, № 25/3» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 46 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Күйші Дина көшесі, 46/2» деген сөздер мен сандар «күйші Дина көшесі, № 44/3» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 47 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Күйші Дина көшесі, 46/2» деген сөздер мен сандар «күйші Дина көшесі, № 44/3» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 48 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Күйші Дина көшесі, 46/2» деген сөздер мен сандар «күйші Дина көшесі, № 44/3» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:
«№ 139 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Қарталы көшесі, н/з» деген сөздер «Конституция көшесі, № 33» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Астана қаласы қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы
И. Жалбиров
2015 жылғы 26 наурыз