О внесении изменений и дополнений в решение акима города Астаны от 11 апреля 2014 года № 03-11 «О границах избирательных участков по городу Астане»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение акима города Астаны от 11 апреля 2014 года № 03-11 «О границах избирательных участков по городу Астане»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06-2
- Қабылданған күні
- 08.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2017 98838_361755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ABW01003
- ЭКБ идентификаторы
- 98838
- Редакция идентификаторы
- 98838_361755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:36
0 «Астана қаласы бойынша сайлау
учаскелерінің шекаралары туралы»
Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы
11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
1
1. «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 808 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырдағы № 51 (3108) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 13 мамырдағы № 50 (3126) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
«№ 54 сайлау учаскесі (орталығы – № 29 орта мектеп, Железнодорожный тұрғын алабы, Ж. Жабаев көшесі, № 14)» деген жолдағы «орталығы – № 29 орта мектеп, Железнодорожный тұрғын алабы, Ж. Жабаев көшесі, № 14» деген сөздер мен сандар «орталығы – Техникалық колледж, Ж. Жабаев көшесі, № 14» деген сөздермен сандарға ауыстырылсын;
«№ 78 сайлау учаскесі (орталығы – Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы)» деген жолдағы «орталығы – Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы» деген сөздер «орталығы – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, № 54» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«№ 160 сайлау учаскесі (орталығы – Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, І. Жансүгірұлы көшесі, № 7)» деген жол алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«№ 175 сайлау учаскесі (Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Манас көшесі, № 22/1)»;
жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымша келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«№ 160 сайлау учаскесі (орталығы – «Медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, № 31 көше, № 7 үй)»;
жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:
«№ 175 сайлау учаскесі (Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, К. Күмісбеков көшесі, № 5)» деген жол алынып тасталсын.
2
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Олжас Абайұлы Бектеновке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Астана қаласы қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ И. Жалбиров
2016 жылғы «__» __________