Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно - Казахстанского областного акимата от 11 апреля 2014 года № 103 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности"

Қаулы · № 323 · қабылданған 04.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2014-no-103/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно - Казахстанского областного акимата от 11 апреля 2014 года № 103 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности" Күшін жойған Қаулы ·№ 323 ·04.12.2014
29.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно - Казахстанского областного акимата от 11 апреля 2014 года № 103 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности"

Күшін жойған Қаулы ·№ 323 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно - Казахстанского областного акимата от 11 апреля 2014 года № 103 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере строительной, архитектурной и градостроительной деятельности"
Атауы (қаз.)
"Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
323
Қабылданған күні
04.12.2014
Көрсетілген редакция
29.07.2015 85177_274188.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14V0003592
ЭКБ идентификаторы
85177
Редакция идентификаторы
85177_274188
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:42

0 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16 - бабының 3 - тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

«Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 103 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3333, 2014 жылғы 16 маусымдағы № 67 (17004) «Дидар», 2014 жылғы 14 маусымдағы № 67 (19514), 2014 жылғы 17 маусымдағы № 68 (19515) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады;»;
мынадай мазмұндағы 11 - тармақпен толықтырылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы, сондай - ақ өзге қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс - қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 4 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.»;
осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес 4 - қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Сәулет - жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 11 - тармақпен толықтырылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы, сондай - ақ өзге қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс - қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 – қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.»;
осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес 3 - қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй - жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8 - тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 - қосымшасына сәйкес блок - схемада көрсетілген.»;
мынадай мазмұндағы 9 - тармақпен толықтырылсын:
«9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.»;
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй - жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 - қосымша»;
осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес 2 - қосымшамен толықтырылсын.

2 2.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
« 4 » желтоқсандағы №323
каулысына 1-қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
анықтау бойынша анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер:

4 Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
« 4 » желтоқсандағы
№ 323 қаулысына
2-қосымша
«Сәулет-жоспарлау
тапсырмасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Шартты белгілер:

5 Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
« 4 » желтоқсандағы
№ 323 қаулысына
3-қосымша
«Тіреу және қоршау
конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертуге байланысты емес
қолданыстағы ғимараттардың
үй-жайларын (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауға
(қайта жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы