О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 1300 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2015 – 2017 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 1300 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2015 – 2017 годы»
- Атауы (қаз.)
- «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 632
- Қабылданған күні
- 10.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 92837_59870.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000632
- ЭКБ идентификаторы
- 92837
- Редакция идентификаторы
- 92837_59870
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:45
0 «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) 3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту
2020 жол картасының шеңберінде іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 27 253 999 мың теңге мөлшеріндегі сома:»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2 452 200 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерін аудару үшін:»;
2) тармақшаның үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға – 1 983 250 мың теңге;»;
2 2) көрсетілген қаулыға 32-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 632 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11-желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
32-қосымша
Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға берілетін нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу
Р/с №
Облыстардың атауы
Сомасы, мың теңге
оның ішінде
жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде
қызметтік тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға
жастарға арналған жатақхана салуға, сатып алуға, құрылысын аяқтауға
Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға
1
2
3
4
5
6
7
Барлығы:
2 452 200
64 000
160 016
244 934
1 983 250
1.
Ақмола облысы
2 047 250
64 000
1 983 250
2.
Шығыс Қазақстан облысы
160 016
160 016
3.
Солтүстік Қазақстан облысы
244 934
244 934