О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 11 апреля 2014 года № 19/219-V «Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 11 апреля 2014 года № 19/219-V «Об утверждении Правил содержания животных в населенных пунктах Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10/109-VI
- Қабылданған күні
- 14.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2017 112266_185445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005023
- ЭКБ идентификаторы
- 112266
- Редакция идентификаторы
- 112266_185445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:23
0 «Шығыс Қазақстан облысының
елді мекендерінде жануарларды
асырау қағидаларын бекіту туралы»
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3312, 2014 жылғы 20 мамырдағы № 56 «Рудный Алтай», 2014 жылғы 21 мамырдағы № 56 «Дидар» газеттерінде, 2014 жылғы 29 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2017 жылғы 14 сәуірдегі
№ 10/109-VІ шешімімен бекітілді
Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде
жануарларды асырау қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін айқындайды.
2 2. Жануарларды асырау тәртібі
2. Осы Қағидалар меншігінде немесе басқа да иелігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Жануарларды асырау тәртібі
3 3. Жануарларды асыраған кезде иелеріне:
1 1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және осы Қағидалардың талаптарын сақтау;
2 2) жануарларды жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендер шекаралары шегінде ветеринариялық нормативтерге сәйкес асырауды жүзеге асыру;
3
3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген, жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің (жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыруға жануарларды кедергісіз беру;
4 4) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстау;
5 5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
6 6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгенін;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;
7 7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында жануарларға уақтылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз ету;
8 8) жануарлар ауруын немесе ауру жұқтыру қаупін болдырмау, сонымен қатар керексіз төлдің пайда болуын болдырмау бойынша уақытша оқшаулау және биостерилизациялау жолдары арқылы шаралар қолдану;
9 9) үй-жайларды, мал жайылатын аулаларды механикалық тазарту, сондай-ақ мал иелерінің есебінен профилактикалық дезинфекциялау.
Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет жүргізу;