О внесении изменения в решение Актогайского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 197 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Актогайского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 197 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Актогайского района»
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 252
- Қабылданған күні
- 22.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 126647_504661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KJ005030
- ЭКБ идентификаторы
- 126647
- Редакция идентификаторы
- 126647_504661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:32
0 Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №197 «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №197 «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы «Тоқырауын тынысы» газетінің № 21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
9 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) бес еселік мөлшерден аспайтын жан басына шаққандағы орташа айлық табыстың болуы.».