Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 20/146 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества города Форт-Шевченко и сел Тупкараганского района и определения количества представителей жителей города, села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества»

Ереже · № 9/57 · қабылданған 10.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2014-no-20146/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 20/146 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества города Форт-Шевченко и сел Тупкараганского района и определения количества представителей жителей города, села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества» Күшін жойған Ереже ·№ 9/57 ·10.12.2021
09.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 20/146 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества города Форт-Шевченко и сел Тупкараганского района и определения количества представителей жителей города, села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества»

Күшін жойған Ереже ·№ 9/57 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 11 апреля 2014 года № 20/146 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества города Форт-Шевченко и сел Тупкараганского района и определения количества представителей жителей города, села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества»
Атауы (қаз.)
Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20/146 «Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9/57
Қабылданған күні
10.12.2021
Көрсетілген редакция
09.10.2023 161892_658960.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21MF00957M
ЭКБ идентификаторы
161892
Редакция идентификаторы
161892_658960
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:11

0 Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы

11 сәуірдегі № 20/146 «Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл,
көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.«Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20/146 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2420 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы

Түпқараған аудандық мәслихатының
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 9/57 шешіміне қосымша
Түпқараған аудандық мәслихатының
2014 жылғы 11 сәуірдегі №20/146
шешімімен бекітілген
Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының, ауылдық округтің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы

1-тарау. Жалпы ереже

1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қала, ауыл, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында қаланың, ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы қалада, ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Түпқараған аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы