О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 декабря 2014 года № 21/311«О Положении о государственном учреждении «Ревизионная комиссия по Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение областного маслихата от 11 декабря 2014 года № 21/311«О Положении о государственном учреждении «Ревизионная комиссия по Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/311 «Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/391
- Қабылданған күні
- 21.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2020 91295_447736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002747
- ЭКБ идентификаторы
- 91295
- Редакция идентификаторы
- 91295_447736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:01
0 Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы
11 желтоқсандағы № 21/311 «Маңғыстау
облысы бойынша Тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-3-бабының 6-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/311 «Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2586 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің мәтініне өзгерістер енгізілсін, орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізілмейді:
«1. Жалпы ережелер» тарауында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Респуликасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Тексеру комиссиясының заңды мекен-жайы:
130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.»;
«2. Тексеру комиссиясының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» тарауында:
17-тармақтың 2) тармақшасының 4 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау;»;
«3. Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері» тарауында:
21-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;»;
29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«29. Облыстық мәслихат Тексеру комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтатады.»;
35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«35. Тексеру комиссиясының қызметі тек қана Тексеру комиссиясының төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.».