Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 11 мая 2014 года № 2/338 "Об утверждении регламентов государственных услуг по лицензированию некоторых видов деятельности в городе Алматы"

Қаулы · № 4/855 · қабылданған 17.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/11-2014-no-2338/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 11 мая 2014 года № 2/338 "Об утверждении регламентов государственных услуг по лицензированию некоторых видов деятельности в городе Алматы" Күшін жойған Қаулы ·№ 4/855 ·17.10.2014
05.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 11 мая 2014 года № 2/338 "Об утверждении регламентов государственных услуг по лицензированию некоторых видов деятельности в городе Алматы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 4/855 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 11 мая 2014 года № 2/338 "Об утверждении регламентов государственных услуг по лицензированию некоторых видов деятельности в городе Алматы"
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/338 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/855
Қабылданған күні
17.10.2014
Көрсетілген редакция
05.05.2015 84460_254615.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14R0001104
ЭКБ идентификаторы
84460
Редакция идентификаторы
84460_254615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:17

0 Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/338 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/338 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1051 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 5 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 5 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес 5 қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекітілген «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ЭҮП пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 6 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыны ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/855 қаулысына 1 қосымша
«Медициналық қызметке
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 5 қосымша
«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметті ПҮП арқылы көрсету
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

6 Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/855 қаулысына 2 қосымша
«Фармацевтикалық қызметке
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4 қосымша
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметті ПҮП арқылы көрсету

7 Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/855 қаулысына 3 қосымша
«Денсаулық сақтау саласындағы
есірткі құралдарының,
психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметке
лицензиялар беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 5 қосымша
«Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланыстықызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету

8 Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/855 қаулысына 4 қосымша
«Заңды тұлғаларда өз өндірісі
барысында және құрамында
түсті және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе)
қалдықтары болған мүліктік
кешенді сатып алу нәтижесінде
пайда болған түсті және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын өткізу жөніндегі
қызметті қоспағанда, заңды
тұлғалардың түсті және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, қайта өңдеуі және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 4 қосымша
«Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түсті және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету

9 Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/855 қаулысына 5 қосымша
«Пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді
(улы химикаттарды) өткізу,
пестицидтерді (улы
химикаттарды) аэрозольдық
және фумигациялық тәсілдермен
қолдану жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензияны
беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4 қосымша
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету

10 Алматы қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 17 қазандағы
№ 4/855 қаулысына 6 қосымша
«Мақта қолхаттарын беру
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсету жөніндегі
қызметке лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті» 4 қосымша
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету

Қолданыстағы